Мемлекеттік қызмет көрсету саласы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – негізгі бағыттардың бірі. Бүгін Шыңғырлау ауданында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары С.Бадеевтің төрағалығымен облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Құрмашев, аудандық аумақтық инспекция қызметкерлері және қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері бойынша кеңес отырысы өткізілді.
Аталмыш жиында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары С.Бадеев ұзақ жыл Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас маман-мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарып келе жатқан А.Сандыбаевты мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтап, арнайы Алғыс хат табыс етті.














