ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 13 бабы, 14 бабының 5 тармағы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 225 бұйрығына сәйкес, қызметі фитосанитариялық бақылау объектілермен (ауыл шаруашылығы мақсатындағы және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығын өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар, зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер, фитосанитарлық іс-шаралар жүргізу үшін пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер) байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитарлық есепке алуды жүргізеді және тиісті уәкілетті органға фитосанитарлық есептілікті табыс ету міндеттеледі.
Осыған орай, қызметі фитосанитариялық бақылау объектілермен байланысты жеке және заңды тұлғалар Орал қалалық аумақтық инспекциясына белгіленген үлгідегі кесте бойынша фитосанитарлық есепке алу нысандарын мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынылады:
1) Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті пестицидтерді, биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, энтомофагтарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық субъектілері жылына 2 рет, яғни 1 рет 20 шілдеге дейін, 1 рет 20 қаңтарға дейін;
2) пестицидтердің, биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті жылына 2 рет, яғни 1 рет 20 шілдеге дейін, 1 рет 20 қаңтарға дейін;
3) Пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;
4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті қолында бүріккіш және дәрілегіш техника мен жабдық (ауыл шаруашылығы авиациясы, аэрозольдік генераторлар, атомайзерлік, штангалық, вентиляторлық бүріккіштер, бүріккіш және дәрілегіш техниканың өзге де түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;
5) Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті меншікті өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыз айынан қыркүйек айына дейін, әр айдың 20-на дейін;
6) химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есепті химиялық өңдеулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыз айынан қыркүйек айына дейін, әр айдың 20-на дейін;
7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру туралы есепті тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыруды жүзеге асыратын фитосанитарияық есепке алу субъектілері жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;
8) қоймалық үй-жайлардың бар жоғы туралы есепті пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 20 қаңтарға дейін.
Бұл орайда, қызметі фитосанитариялық бақылау объектілермен байланысты жеке және заңды тұлғалар заңнамаға сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға, сондай-ақ заңнаманы орындауына жәрдемдесуге міндетті. Сондықтан, аталған талаптар орындалмай, фитосанитарлық есепке алу нысандары уақытылы тапсырылмаған жағдайда қызметі фитосанитариялық бақылау объектілермен байланысты жеке және заңды тұлғаларҚР-ның 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 403-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Нақты айтқанда,жеке тұлғаларға – 5, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады.
Фитосанитариялық есепке алу нысандарын Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 75 мекен-жайында орналасқан ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясына белгіленген мерзімнен кешіктірмей, уақытылы тапсыру қажет.
ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы










